Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөкпардан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Нышанбеков көкпар кезінде қазақ пен қырғыз ойыншысы арасындағы даудың неден басталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Көкпар ойынының бірінші кезеңінде оныншы нөмірдегі біздің қорғаушымыз Ұлан Бәйтерек ағамызға қырғыз ойыншысы балағат сөз айтқан. Намысқа тиіп, балағат сөзді көтере алмаған соң қамшы жұмсағаны рас. Ойын барысында қарғыс та, тартыс та болып тұрады. Қызу қанды халықпыз ғой. Ойын барысында болған нәрсе сол жерде қалады деп ойлаймын. Оны Қырғызстан Республикасындағы бауырларымыз әлеуметтік желіге салып, талқылап жатыр екен. Біздің балуандарымыз өздігінен тиіскен жоқ. Ұрған жоқ. Намысқа тигендіктен қамшы жұмсады, - деді Абылайхан Нышанбеков.
Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасының оныншы нөмірлі ойыншысы Қырғызстан құрамасының нөмірі екінші ойыншысын қамшымен бір салған видеосы желіде қызу талқыланды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді