19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан құрамасының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы матчына аттанды. бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Магомед Адиев бастаған ұлттық құрама 18 қарашада елордадан Словения астанасы Люблянаға ұшып кетті.
Словенияға қарсы ойын 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Астана уақыты бойынша 01:45-те өтеді.
Айта кетейік, соңғы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандықтар Н тобында екінші орын алады және алғаш рет Еуропа чемпионатының қатысушылары атануы мүмкін.
17 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Маринодан басым түсті. Алғаш рет негізгі құрамда шыққан «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков дубльдің авторы атанса, Абат Айымбетов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал Сан-Марино бір голмен жауап қатты - 3:1.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары