Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта ұтылды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері В тобының үздігі саналатын Швециямен кездесіп, жеңіліс тапты. Есеп - 1:3.
Қазақстан сапынан Әділ Бекетаев 46-минутта көзге түсті. Ал қарсыластар құрамынан Маркус Йоханссон (11-минут), Линус Йоханссон (36-минут) және Фабиан Зеттерлунд (42-минут) мергендігімен танылды.
Осылайша, біздің команда кезекті кездесуде жеңіліп отыр. Бұған дейін қазақстандықтар Францияны 3:1 есебімен жеңіп, кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берген еді.
Қазақстан командасы топтағы келесі ойынды 17 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?