Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Лихтенштейн құрамасын ойсырата ұтты. Кездесу «Астана Аренада» өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Комментаторлар бұл ойынды «Ғалымжанның күні» деп атап кетті. Себебі семейлік «Елімай» клубының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек дубль жасап, тағы бір голға нәтижелі пас берді.
Қазақстан құрамасы алғашқы екі голды-ақ бірінші таймның ортасында соқты. 26-минутта Кенжебек есеп ашса, арада екі минут өтпей Бахтиер Зайнутдинов таблодағы көрсеткішті еселеді. Екінші таймда Кенжебек тағы бір керемет соққымен дубльін рәсімдеді (59-минут), ал Әлібек Қасым 81-минутта матчтағы соңғы нүктені қойды. Қорытынды есеп — 4:0.
Семейлік тағы бір ойыншы Иван Свиридов те жақсы ойын көрсетті. Ол кемінде төрт бірдей сәтті пайдалана алмағанымен, команда шабуылын үнемі жандандырып отырды.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына J тобында өз позициясын нығайтуға мүмкіндік берді. Қазір топта Қазақстанның қарсыластары — Солтүстік Македония, Бельгия, Уэльс және Лихтенштейн. Біздің құраманың еншісінде әзірге 6 ұпай, команда кестеде бесінші орында.
Келесі матч 13 қазанда өтеді. Али Алиев шәкірттері сырт алаңда топ көшбасшысы Солтүстік Македониямен кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді