19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты.
Жамбы атудан қазақстандық спортшы Абзал Тұлыбеков алтын медаль иеленді. Ол жарыстың қырғыз стиліндегі жамбы ату бәсекесінде қарсыластарынан басым түсіп, үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, Абзал Тұлыбеков Қазақстан құрамасына кезекті алтын жүлдені сыйлады.
Ал Нұрсұлтан Қожагелдіұлы алыш күресінен қола медаль жеңіп алды. Осыдан екі апта бұрын ол «Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирінде де үшінші орын иеленген болатын. Осылайша, отандасымыз қысқа уақыт ішінде екі ірі жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың бірнеше түрінен ел намысын қорғап жатыр. Жарыс барысында қазақстандықтар жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.
Бұған дейін Нұрсұлтан Есімбай Көшпенділер ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары