15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды. Ұлттық құрама аударыспақтан екі чемпион атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.
Ал 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайлау Мұхаммеджан да шешуші кезеңде қырғызстандық қарсыласымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы екі алтын медалін аударыспақтан еншіледі.
Аударыспақ — ұлттық спорт
Аударыспақ, қырғыз тіліндегі атауы – эр эңиш, ат үстінде өтетін дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Бұл сайыста спортшыдан күшпен қатар, ептілік, шапшаңдық пен батылдық талап етіледі.
Жарыс барысында балуандар ат үстінде қарсыласын тепе-теңдіктен шығарып, аттан құлатуға тырысады.
Қазақстанда бұл спорт түріне қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде айналысады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы жарыстың басқа да спорт түрлерінен жүлдеге таласуын жалғастырады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады