29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара 80 мың адамға арналған «Үлкен лотос» деп аталатын олимпиадалық спорт түрлерінің орталық стадионында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азиада-2023 ашылу салтанатына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азияның ондаған елдерінен шақырылған көшбасшылар мен лауазымды тұлғалар қатысты.
Ашылу салтанатында театрландырылған қойылымдар, цифрлы отшашу және Азия ойындарының алауын жағу рәсімі мен командалардың шеруі болды. Қазақстан құрамасының сапында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов және жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая Мемлекеттік Туды көтеріп шықты.
Бүгін сары құрлық XIX Азия ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Біздің команданың алдында жанкүйерлердің үмітін ақтау және өткен Азиада нәтижелерінен асып түсу міндеті тұр. Қазақстан құрамасы бұл жарыстарға ұзақ уақыт дайындалды, бірақ жұмыс мұнымен аяқталмайды. Спортшылар медаль үшін күреседі, ал біз өз кезегінде шетелдік әріптестерімізбен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге ниеттіміз», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Еске салсақ, Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысады. Оның 27-сі олимпиадалық бағдарламаға, қалған 3-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен сынға түседі. Сонымен қатар, алдағы жарыстарда 8 спорт түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына лицензиялар ойналады.
Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек