Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанадағы "Астана Арена" стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл қос ұжым арасындағы алғашқы ресми матч болды. Кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда, 33-минутта македониялық шабуылшы Александар Трайковски есеп ашты. Қазақстан құрамасы матч бойы белсенді ойын өрнегін көрсетіп, есепті теңестіруге тырысқанымен, соққылары нәтижесіз аяқталды.
Айта кету керек, Максим Самородовтың соққысы қарсылас қақпасының маңдайшасына тиді. Солтүстік Македонияның қақпашысы Столе Димитриевски бірнеше қауіпті шабуылды қайтарып, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңілді. Бұл нәтижеден кейін Солтүстік Македония 8 ұпаймен өз тобында көш бастаса, Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді