Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен қазақстандық делегация Италияның қорғаныс ведомствосы мен әскери нысандарын аралады. Сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызметті талқылады.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов халықаралық аренада Қазақстан үшін бітімгерлік қызметтің маңыздылығын атап өтті. Ол қазақстандық офицерлердің "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына, Италия контингентінің құрамында табысты ынтымақтастықтың үлгісі ретінде қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Италия Қарулы күштері Бас штабының Жоғары қорғаныс зерттеулері орталығы арасындағы өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын академиялық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулер туралы меморандум жасасумен аяқталды.
Сапар аясында делегация сонымен қатар Пратика-Ди-Маре теңіз авиабазасына және итальяндық әуе күштерінің әскери әуежайына барды. Мұнда ең ірі итальяндық "Leonardo" корпорациясының өкілдері жауынгерлік тікұшақтар мен C4I әскерлерін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды көрсетті.
Қазақстандық делегация Римнен 119 шақырым жерде орналасқан "Акуила" тау дайындығы базасында да болды. Мұнда олар Италия Құрлық әскерлері Альпі полкінің инфрақұрылымымен, жабдықтарымен және әскери қызметшілерді оқыту бағдарламасымен танысты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер