Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан қалаларында көлік қозғалысының жылдамдық шектеуін өзгерту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы 2025 жылғы 27 тамызда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Журналистер жол-көлік оқиғаларының саны елде жыл сайын артып келе жатқанын, ал апаттардың басты себептерінің бірі – жоғары жылдамдық екенін еске салды.
Сұлтанбаев бұл мәселенің полицияның бақылауында екенін растады:
Әкімшілік полиция комитетінің ұжымы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Қазір біз қалалардағы жылдамдық лимитін төмендету идеясын қарастырып жатырмыз. Депутаттар Парламент каникулынан оралған соң, осы мәселені олармен талқылауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Мамандардың айтуынша, жылдамдықты тіпті 10 км/сағ-қа төмендетудің өзі жол апаттарының салдарын айтарлықтай жеңілдетіп, ондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді