Қазақстан прокурорлары Брюссельдегі маңызды отырысқа қатыспақ

6 Наурыз 2023, 17:37 624

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, 2023 жылғы 9-10 наурызда Брюссель қаласында Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев бастаған қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалогтың 14-ші отырысына және Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі кіші комитеттің 20-шы отырысына қатысады.

«Адам құқықтары жөніндегі диалог аясында тараптар адам құқықтарын және азаматтық қоғамды қорғаудың ұлттық институттарын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға ниетті. Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі кіші комитеттің отырысы барысында заң үстемдігін нығайту, сот жүйесін басқару және реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ көші-қон, шекараны басқару, соның ішінде ҚР мен Еуропалық одақ арасындағы визалық мәселелер, адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері жан-жақты талқыланады», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярованың Қазақстанға оралғаны жөнінде айтқан болатын. Ол жер сілкінісінен аман қалып, ем алып жатқанын жазаған едік. Сондай-ақ зілзаладан қаза болған тағы екі қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: