Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан инвесторлар үшін ең қауіпсіз елдер рейтингінде 17 сатыға жоғарылап, 70-орыннан 53-орынға көтерілді. Осылайша, ел Орталық Азиядағы көшбасшы атанды. Бұл туралы Investing.com басылымы жазды.
2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 9,6%-ға өсіп, 20 млрд АҚШ долларынан асты. Ал жеке инвестициялар көлемі 21%-дан астамға артты.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстан экономикасы 2026 жылы 4,6%-ға өседі деп болжап отыр. Ал Дүниежүзілік банк алдағы жылдары да тұрақты өсім сақталатынын мәлімдеді.
Соңғы жылдары елде өндіріс, құрылыс, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар салаларына инвестиция тартуға басымдық беріліп келеді. Бұл экономиканы әртараптандырып, шикізатқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.
Инвесторларды қолдау мақсатында Инвестициялық штаб пен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс істейді. Сонымен қатар, стратегиялық инвесторларға 25 жылға дейін тұрақты шарттар ұсынылады. Биылғы жылдың ортасына дейін осындай 57 инвестициялық келісім жасалған.
Сондай-ақ Қазақстан шетелдік инвесторлар мен білікті мамандар үшін Altyn Visa бағдарламасын енгізіп, жұмыс істеу мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетті.
Елдің инвестициялық тартымдылығы халықаралық рейтингтерде де расталып отыр. Fitch Ratings, S&P Global Ratings және Moody’s Қазақстанның инвестициялық деңгейдегі рейтингін сақтап қалды.
Сонымен қатар, Қазақстан IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34-орынға, ал Жаһандық бейбітшілік индексінде 56-орынға көтерілді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек