18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни «алтын визаның» енгізілуі болды. Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен жергілікті компаниялардың капиталына немесе құнды қағаздарына кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары 10 жылға дейін тұруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін визаны электронды түрде рәсімдеуге өтініш бере алады.
Бұл құрал – жай ғана әкімшілік шара емес, Қазақстанның елге капитал мен идеямен келгендерге ашық, ұзақмерзімді әрі заңдық кепілдіктері бар жағдай ұсынуға дайын екен көрсететін инвесторларға деген сенімнің жаңа деңгейі. Мұндай құралдардың тиімділігі Еуропа, АҚШ және Азия елдерінде бұрыннан дәлелденген. Енді Қазақстан өз ұлттық басымдықтары мен өсім мақсаттарына бейімделген инвестициялық резиденттік моделін енгізіп отыр.
Визалық реформамен қатар елде ауқымды инвестициялық бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік компаниялардың бірі ретінде саналатын Қытайдың «Fufeng Group» компаниясының Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын бастауы. Бұл жоба 1 000-нан астам жұмыс орнын ашып, жергілікті фермерлерге тұрақты өткізу нарығын қамтамасыз етеді және Еуропаға экспортқа өнім шығаратын болады.
Қазақстанға деген инвестициялық қауымдастықтың қызығушылығы артуының маңызды нәтижесі инвестор мен мемлекет арасындағы өзара міндеттемелерді бекітетін заңды құжаттар – инвестициялық келісімшарттар мен инвестициялар туралы келісімдер санының күрт өсуі болды.
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда инвестициялық жобаларға жеңілдіктер беру бойынша 67 инвестициялық келісімшарт жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (32 келісімшарт).
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр