20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астана қаласында FIFA Series 26 жаңа жолдастық турнирі аясында матч өтеді. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Намибиямен кездеседі. El.kz Оңтүстік Африкадағы елдің құрамасы туралы не белгілі екенін назарға ұсынады.
Намибия құрамасы ФИФА рейтингінде 118-орында тұр. Команда Африка Ұлттар кубогының финалдық кезеңіне төрт рет — 1998, 2008, 2019 және 2023 жылдары қатысқан. Ең үздік нәтижесін 2023 жылы көрсетіп, турнирдің 1/8 финалына дейін жетті.
Transfermarkt мәліметінше, Намибия құрамасының жалпы құны 4,25 миллион еуроға бағаланады. 23 ойыншының үшеуінде трансферлік құн көрсетілмеген.
Командадағы ең қымбат ойыншылар — қорғаушы Риаан Ханамуб, жартылай қорғаушы Апросиус Петрус және шабуылшы Питер Шалулиле.
31 жастағы сол қаптал қорғаушы Амазулу клубында ойнайды, бұл команда ОАР Премьер-лигасында өнер көрсетеді. Футболшының құны — 850 мың еуро.
Алаң ортасындағы ойыншы Аль-Хиляль клубында ойнайды, оның бағасы 500 мың еуро.
Ал 32 жастағы шабуылшы Питер Шалулиле Мамелоди Сандаунз клубының намысын қорғайды. Ол Намибия құрамасының ең қымбат ойыншысы саналады — 1,2 миллион еуро. Сонымен қатар, ол ұлттық құраманың тарихындағы үздік сұрмерген: 52 матчта 19 гол соққан.
Қазақстан мен Намибия құрамалары арасындағы матч бүгін, 25 наурыз күні сағат 17:00-де Астана Арена стадионында өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?