20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Кен Сайтомен энергетикалық өткелдерді өткізу аясындағы төменкөміртекті дамыту және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес келетін энергия ресурстары мен технологияларын, соның ішінде энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қазақстан мен Жапония уран, мұнай және газ өндіру саласында қазірдің өзінде табысты ынтымақтастыққа қол жеткізгенін, сондай-ақ жапондық энергетикалық технологиялары енгізіліп жатқанын атап өтті.
Тараптар энергетика саласында, оның ішінде электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласында бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті жобалардың тізбесін қалыптастыру туралы келісімге келді. Соның бірі – «Қазақстан Республикасындағы аккумуляторлық энергияны сақтау жүйесін пайдаланатын 500 МВт желэнергетикасы жобасы».
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі экономика саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдайлар жасауға барлық қажетті шараларды қабылдауда. Тараптар энергетика саласындағы басым бағыттар мен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?