Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің ғылым және жоғары білім министрі Bett Show 2025 көрмесінде Ұлыбританиямен инновациялар мен ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Bett Show 2025 көрмесіне қатысу аясында жоғары білім беруді дамытуға және ғылыми зерттеулерге арналған ресми кездесулер өткізді.
Жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ұлыбританияның ресми тұлғаларымен кездесулер өтті.
Атап айтқанда, Министр Саясат Нұрбек Ричмонд герцогы Чарльз Генри Гордон Леннокспен, сондай-ақ Еуропа және Солтүстік Америка істері жөніндегі мемлекеттік министр Стивен Доути мырзамен кездесті.
Инновациялық жобаларды қолдау, елдер арасында әріптестік бағдарламалар құру, сондай-ақ білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бастамаларын дамыту мәселелеріне басты назар аударылды.
Кездесулер нәтижесінде екі тарап та мемлекеттердің мүддесі үшін жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған нәтижелі әріптестікке дайындықтарын көрсетті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді