Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаздың төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған консультациялар шеңберінде тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Саяси өзара іс-қимылға талдау жасалып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалар қарастырылды. Атап айтқанда, түрік тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобаларға инвестиция салуға мүдделі екендігін білдірді.
Сондай-ақ делегациялар басшылары ғылым және білім, ақпараттық технологиялар және медицина салаларында өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ортақ мүдделілік танытып, 2024 жылға жоспарланған жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.
Делегациялар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы тығыз және тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растап, Ұйымның міндеттері мен мақсаттарын тиімді іске асыру үшін тиісті тетіктер мен регламенттерді іске қосудың қажеттілігін атап өтті.
Консультациялар қорытындысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи бауырластық және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге уағдаласты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді