Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі сөз болды.
Мұрат Нұртілеу түрікмен әріптесін Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуімен, сондай-ақ Астанада түрікмен ойшылы және ақыны Махтумкули Фрагиға ескерткіштің ашылуымен құттықтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді