29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚорғаныс ведомствосының Астана мен Алматыдағы мекемелеріне швейцариялық әскери дипломат келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мәскеудегі Швейцария Конфедерациясының елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Кристоф Гертч пен Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын белгілей отырып, бітімгерлік қызмет мәселелерін талқылады.
Алматыда шетелдік қонақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілерді БҰҰ миссияларының мандаттарын орындауға дайындау мүмкіндіктерімен танысты. Ол сондай-ақ казақстандық әріптестерін Швейцария қарулы күштерінің «SWISSINT» Оқу орталығының қызметі туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар бітімгерлік желісі бойынша байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылық танытты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек