Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыПавлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей ТЖМ Омбы облысы бойынша Бас басқармасы арасында Железин ауданы Лесное ауылдық округі Разделное ауылының маңындағы шекаралас аумақтарда бірлескен оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-жаттығулар мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында туындайтын орман және дала өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған.
Оқу-жаттығу 27-29 қыркүйек аралығында 3 күн өтті. Оқу-жаттығуға 33 бірлік техника мен 108 адам қатысты.
Бұл трансшекаралық оқу-жаттығулар мемлекеттердің іргелес аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтау, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін көрсету және пысықтау, қалыптасқан жағдайға және күштер мен құралдарды тарту жоспарына, сондай-ақ іргелес аудандармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспар мен нұсқаулықтарына сәйкес, күштер мен құралдарды басқару бөлігінде, өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру, ірі орман және дала өрттерін сөндіру кезінде тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жасалған.
Оқу-жаттығу шеңберінде шекарадан өтудің оңай жолы пысықталды.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді