Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Мәскеу қаласында көлік апталығы шеңберінде өткен халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегация құрамына «Қазақстан темір жолы», «ҚазАвтоЖол», «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компанияларының, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Atasu group ЖШС, PTC Holding және басқа да жеке компаниялардың өкілдері кірді.
Форум аясында Қазақстаннан барған делегация мүшелері пленарлық сессияға, сонымен бірге тақырыптық көрмеге қатысты.
Жұмыс сапары барысында делегация басшысы Ресей Федерациясының Көлік министрі Виталий Савельевпен келіссөздер жүргізіп, кездесуге Ресей тарапынан «Росавиация», «Ресей темір жолдары» және «Аэрофлот» басшылары қатысты.
Келіссөздер барысында саладағы проблемалық мәселелер, өзара тиімді іс-қимылды тереңдету перспективалары, сондай-ақ биыл сәуір айында қол қойылған көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жол картасында қарастырылған іс-шаралардың іске асырылу барысы талқыланды.
Тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік бағытын дамыту және Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісін салу және басқа да өзекті мәселелерді қарастырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша ведомство басшылары теміржол және автомобиль көлігі, логистика және авиация саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді