Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюймен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбат барысында ағымдағы жылы жоспарланған жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.
Ш. Нұрышев қытайлық тарапқа Қазақстан-Қытай қатынастарына қосымша «серпін» беру және шарт-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында ҚР және ҚХР мемлекеттік органдарының қарастыруында жатқан екіжақты құжаттардың жобаларын келістіруді белсендетуді ұсынды.
Сонымен бірге, Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінде өзара әрекеттесу және тығыз ықпалдасуды нығайту, жолаушылар әуерейстерінің санын «пандемияға дейінгі» деңгейге дейін қалпына келтіру және қазақстандықтар үшін ҚХР визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды.
Өз тарапынан, Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен тығыз әрекеттесуге әзір екенін хабарлады.
Кездесудің соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады