Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан мен Қытай жоғары білікті техникалық мамандарды бірлесіп дайындайды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздің Қытайдағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеті арасында Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, машина жасау саласындағы техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Келешекте электрокөліктер, ЗD-басып шығару, өндірісті автоматтандыру және т.б. сияқты салаларда ынтымақтастық бағыттарын кеңейту көзделген.
«Лу Бань шеберханасы» жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби техникалық кадрлардағы қажеттілігін толықтыруға ықпал етеді.
Бұл жоба 2022 жылғы Қазақстан мен Қытай мемлекеттер басшыларының уағдаластықтары шеңберінде іске асырылуда.
Бүгінгі таңда әлемнің 21 елінде 26 «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істейді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер