20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жээнбек Кулубаев әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жоғары қызметте табыс тіледі. Өз кезегінде, Е.Көшербаев сұхбаттасына құттықтағаны үшін алғысын білдіріп, қазақ тарапының Астана мен Бішкек арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге берік ниетін растады.
Министрлер саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы бауырластық, достық және тату көршілік рухында көп қырлы қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтудің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.
Тараптар көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін қарастырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?