Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында көрші елдің Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібековпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Шу-2 айналма каналын салу мәселесін талқылады. Кездесуге екі елдің ғылыми ұйымдарының сарапшылары да қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшыларды барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ету және гидрологиялық және гидрогеологиялық бақылау жүргізу үшін жағдай жасау туралы келісімге келді. Енді қазақстандық ғалымдарға Шу өзені бассейнінің гидрогеологиялық деректер қоры қолжетімді болады.
Сондай-ақ жұмыс топтарының басшылары Шу-2 айналма каналын салудың экожүйеге ықтимал әсерін зерттеу мақсатында қолдау көрсету үшін және сарапшыларды ұсыну үшін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамына (GIZ) бірлескен өтініш хатқа қол қойды.
Біз айналма канал құрылысының болжамды орнын қарастырдық. Барлық ықтимал әсерлерді жан-жақты зерттеу өте маңызды. Сол себепті халықаралық сарапшыларды тартуды жоспарлап отырмыз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?