Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қырғыз Республикасымен бірлескен шекаралық оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің шекаралас аумақтарында және трансшекаралық төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды сөндіру туралы келісімді іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 25 шілдеде Алматы облысының аумағында Кеген ауданында «Өртке қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша Қырғыз Республикасымен бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығулар өткізілуде.
Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу орны болып Мыңжылқы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде (Қарқара Түп шекара бекеті) орналасқан Қарқара ауылдық округі белгіленді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыстықкөл облысы бойынша бөлімшелерінің және «Кеген орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерінің әртүрлі санаттағы трансшекаралық орман-дала өрттерін жою кезіндегі практикалық өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығу шеңберінде Алматы облысы ТЖД, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Ыстықкөл облысы бойынша қызметкерлерін, «Кеген орман шаруашылығы» КММ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін тарта отырып, шартты өрт ошағын сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық сабақтар, сондай-ақ арнайы техникамен және жеке құраммен мемлекеттік шекараны кесіп өту алгоритмі пысықталды.
Оқу-жаттығуға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 5 бірлік техника мен 24 қызметкер, Қырғыз Республикасының күштері мен құралдарынан 2 бірлік техника мен 10 адам, сондай-ақ Кеген орман шаруашылығынан 5 бірлік техника мен 14 адам, Кеген ауданының ЖПҚ 1 экипаж мен 2 адам, ЖМКБ-нан 1 бригада мен 3 адам жұмылдырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?