Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен 2024 жылға арналған іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.
Оның қорытындысы бойынша Сыртқы саяси ведомстволар басшылары көпжақты қазақ-өзбек ынтымақтастығы дамуының жоғары серпінін атап өтіп, достық, тату көршілік және одақтастық рухында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара ниет білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді