Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшылары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу аясында комитет төрағасы Жандос Дүйсембаев пен Өзбекстанның экономика және қаржы министрлігі жанындағы кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов арасында екіжақты кездесу өтті.
Олар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында электронды кезек жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөз нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш негізгі құжатқа қол қойылды.
"Құжаттар шекарадағы рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік процестерді цифрландыруға бағытталған", - дейді ведомство.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді