20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан мен Өзбекстан ұшулар санын көбейтіп, авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Орталық Азия – Қытай (С5+1) форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жұмыс тобының Конференциясы аясында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының авиациялық билік органдары арасында келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл қадам көлік қолжетімділігін дамытуға, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, екі елдің белгіленген тасымалдаушыларына Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін ұшуға рұқсат берілген. Басқа бағыттарда аптасына 14 рейске дейін рұқсат етіледі. Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы тұрақты рейстер үшін белгіленген пункттер санын көбейтуге келісті.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өту маңызды. Осылайша, 2025 жылдың 3 шілдесінен бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Ақтау-Нөкіс бағыты бойынша рейстерді орындай бастады. Өз кезегінде, 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап Fly Arystan аптасына 3 рейс жиілігімен Атырау – Ташкент бағыты бойынша әуе қатынасын ашты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және елдер арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға және одан әрі жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?