Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Корея Республикасының Елшісі Ку Хоң-сокпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері туралы ой бөлісті.
Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде белсенді саяси диалогты сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ Астана мен Сеул арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін жеткізді. Өз кезегінде корей дипломаты өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын білдірді.
Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 6 млрд АҚШ доллардан асады. Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвестор елдері арасында 6-шы орынды иеленуде. Елдеріміз логистика, машина жасау, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, тау-кен металлургиясы, электроника және мұнай-газ өнеркәсібі тәрізді салалардағы жобаларды бірлесіп іске асырумен қатар, ықпалдастықтың кең ауқымды ынтымақтастығын дамытып келеді.
Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?Кеше, 17:08
Алғашқы Азиадасында 5-орын алды: Меруерт Сәрсенова туралы не білеміз?