30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сеулге жұмыс сапары барысында Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чон Ый Хие және Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чон Ый Хиемен өткен келіссөздер барысында сұхбаттастар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты форматтағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.
А.Бақаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, сенімділік негізінде қалыптасқан тұрақты саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанына назар аударды.
Тараптар «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форматындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды табысты өткізу үшін келісілген күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.
Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен өткен келіссөздер көпжақты күн тәртібі мәселелеріне арналды.
Келіссөздер барысында Астана мен Сеулдің халықаралық алаңдардағы, соның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимылыды нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен бірге министрдің орынбасары «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ри Джонг Кукпен кездесті және Сеул киберуниверситетіне барып, оның қызметімен танысты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды