Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мексика сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибаррамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның халықаралық бастамалары мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Мексика арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр Мұрат Нұртілеу Мексиканың Латын Америкасындағы Қазақстанның негізгі серіктесі екенін атап өтіп, мексикандық тараптың жақын арада Астанада өз елшілігін ашу жоспарын құптады.
Белгілі болғандай, Қазақстан мен Мексика арасындағы қашықтыққа қарамастан, биыл алғашқы 7 айда ғана тауар айналымының көлемі 355 млн долларды құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328%-ға жоғары. Ал 2022 жылы тауар айналымы шамамен 200 млн долларға жеткен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары