Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАуыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Ермек Кенжеханұлы басым бағыттардың бірі аграрлық сектордағы инвестициялық жобаларды іске асыру екенін атап өтті.
Біз Қазақстан мен Иран арасындағы АӨК өнімдерінің инвестициялық көрсеткіштері мен тауар айналымын арттыруға ұмтылудамыз. Сондай-ақ біз еліміздің аумағында жобаларды іске асыруға мүдделі ирандық инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. 2022 жылы біз Иранға рекордтық 1 млн тонна астық экспорттадық. Сіздермен басқа да маңызды бағыттарда жұмыс істегіміз келеді , - деді вице-министр.
Кездесуде тараптардың өзара іс-қимылы үшін негіз бола алатын негізгі салалар айқындалды. Олардың ішінде азық-түлік өндірісі, өсімдік шаруашылығы бар.
Әли Акбар Джоукар Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның балық өнеркәсібіне қызығушылық танытты.
Кездесуге қатысушылар белсенді байланыс орнатуға және барлық өзара тиімді бастамаларды талқылауға дайын екендіктерін растады.
Кездесу соңында Ермек Кенжеханұлы Иран елшісі мен әлеуетті инвесторларды қазан айында Астанада өтетін «KazAgro & KazFarm» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?