Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Иран - Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі. Бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын $3 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойып отыр», - деді ҰЭМ басшысы.
Өз кезегінде Ә.А.Джоукар мырза министрді жуырда Тегеран қаласында өтетін Каспий экономикалық форумына қатысуға шақырды. Форум барысында Каспий маңы мемлекеттерінің көпжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде экономика, қаржы, энергетика, көлік және т. б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.
«Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту Иран Ислам Республикасы Үкіметінің негізгі басымдықтарының бірі. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін елдеріміздің әлеуеті зор», - деді Елші.
Қазақстан-Иран:
2022 жылғы екіжақты тауар айналымы $521,4 млн. құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,3%-ға жоғары.
Экспорт – $310 млн.
Импорт – $212 млн.
А.ж. қаңтар-маусымда екі ел $215,1 млн. сауда жасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?