Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана халықаралық форумы аясында премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Түркия және Орталық Азия бойынша директоры Вибке Шлоемермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СІМ мәліметінше, тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға IFC-дің белсенді қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Корпорацияны арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша тығыз өзара іс-қимылға шақырып, олардың орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі және инвестициялар тартудағы маңызды рөлін атап өтті.
Кездесу нәтижесінде сұхбаттастар серіктестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және перспективалы бағыттар мен жобалар бойынша ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді