22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат, Қазақ-француз Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештпен кездесті, деп хабарлайды El.kz
Кездесуде екі тарап өнеркәсіптік газдар саласындағы және энергетика, жаңартылатын энергия көздері, көлік, авиация өнеркәсібі және ғарыш салаларындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Энергетика министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ЦДИАӨМ, ТЖМ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚТЖ» ҰК, «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» АҚ, «Қазавиаспас» және «КАЭС» ЖШС өкілдері қатысты. Француз тарапынан онлайн форматта қазақ-француз іскерлік кеңесінің тең төрағалары және Total, Alstom, Orano, Air liquide, Airbus, CSFN, EDF және Idemia компанияларының басшылары сөз сөйледі.
Әңгіме барысында ҚР ИИДМ басшысы Франция Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
«Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде мемлекеттердің қарым-қатынасы барлық негізгі бағыт бойынша қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, 2022 жылдың 8 айында тауар айналымы 12,2%-ға, яғни $2,3 млрд-қа дейін өсті», – деді Қ.Өскенбаев.
Өз кезегінде О.Бешт Қазақстан Францияның маңызды серіктесі екенін растады.
«Қазақ-француз Үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары деңгейіндегі тұрақты байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды өзекті бағыттарын талқылауға және өзекті мәселелер бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.
Кездесу соңында екі тарап Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев