Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМәжіліс депутаттары Руслан Қожасбаев, Татьяна Савельева және Қайрат Балабиев 17-19 наурыз аралығында Чехия Республикасына іссапармен барып қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Қазақстан делегациясы Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы, «Чехия–Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі Радек Вондрачек бастаған әріптестерімен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жылдан астам уақыт болғанын атап өтіп, осы аралықта екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар достық пен өзара сенім негізінде қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ Чехияның Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы маңызды серіктестерінің бірі екені ерекше атап өтілді. Астана мен Прага арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, өзара сапарлар жиілегені де айтылды.
Кездесуде Мәжіліс депутаттары елімізде соңғы бес жылда жүзеге асырылған ауқымды саяси реформалар туралы баяндап, адам құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында жасалған қадамдар нәтижесінде Қазақстанда жаңа саяси жүйе қалыптасқанын жеткізді.
Өз сөзінде Руслан Қожасбаев екі ел арасындағы парламентаралық байланыстардың маңыздылығына тоқталды.
Парламентаралық диалог — Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі. Парламент мүшелерінің достық қарым-қатынастары өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді. Біздің парламентаралық байланысымыз – екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастың жарқын көрінісі, — деді депутат.
Сонымен қатар тараптар кездесулерді онлайн форматта өткізу және халықаралық алаңдарда да тұрақты кездесулер ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.
Сапар аясында Қазақстан делегациясы Чехияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Йиржи Козакпен де кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес