22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПремьер-министр Әлихан Смайылов пен БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауи мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстанның Парсы шығанағы аймағындағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.
Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сәйкес екі ел арасындағы тауар айналымы $633 млн-ды құрады.
Сонымен қатар жақын арада өзара сауда ауқымын кеңейту арқылы бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар.
Әлихан Смайылов атап өткендей, инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа жобалармен де қолдау тауып отыр.
Мәселен, Қазақстанға тартылған Әмірліктер инвестициясы өткен жылы – 27%-ға өсіп, шамамен $420 млн-ға дейін жеткен.
Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 3 еседен астам өсті және қазірдің өзінде $400 млн-нан асты. Біз барлық басым бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ашықпыз және Әмірліктер инвесторларына олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді премьер-министр.
Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Гаргауи Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін баса айтты.
Біз экономикалық салада оң нәтижелерді көріп отырмыз. Әрине, бізде ортақ үлкен әлеует бар. Экономикалық дамумен қатар, біздің халқымыздың арасындағы достықтың, туристер санының арта түскенін де көріп отырмыз. Біз бұл көрсеткіштердің барлығы одан әрі өседі деп үміттенеміз, — деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев