20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАустрия тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер федералды министрі Беате Майнль-Райзингермен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». Соңдай-ақ өзекті өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар екі елдің СІМ басшылары 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткен Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес отырыстарының қорытындыларын қолдап, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Министрлер бірқатар мәселелер бойынша ұқсас қөзқарастарын атап өтіп, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ алаңдарында сындарлы диалог пен өзара іс‑қимылды жалғастыруға уағдаласты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?