Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алжир Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қоғамдастық министрі Ахмед Аттафпен кездесті. Кездесу Джидда қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында өткен.
Кездесу барысында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Министр Мұрат Нұртілеу екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті зор екенін алға тартты.
Осы тұрғыда тараптар іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында Үкіметаралық комиссия құрудың, сондай-ақ көлік-логистикалық мәселелерді шешу үшін «Орта дәлізді» қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді