20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылдың 24 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін Қазақстан бойынша халықаралық OECD «PISA for Schools» (Мектептерге арналған PISA) зерттеуі өтеді. Бұл зерттеуге елдегі 1000 білім беру ұйымы мен 15 жасқа толған 40 мыңнан аса оқушы қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл зерттеу дәстүрлі PISA әдістемесіне негізделген және үш бағыт бойынша негізгі дағдыларды бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы. Ол әрбір білім беру ұйымы деңгейінде сыртқы бағалаудың жан-жақты көрінісін ұсынады және оқушылардың академиялық жетістігіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
PISA for Schools – жыл сайын өткізілетін зерттеу. Дәстүрлі PISA-дан айырмашылығы – мұнда бағалау әр мектеп деңгейінде жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша мектеп басшылығына арнайы есеп ұсынылады. Бұл есеп білім ұйымдарына өздерінің мықты және әлсіз тұстарын көріп, оқыту сапасын арттыру үшін тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Аширов.
Мектептерге арналған PISA зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) өткізеді. 2021-2024 жылдар аралығында бұл зерттеуге еліміздегі 3000-нан астам білім беру ұйымы қатысқан. Қазақстандағы зерттеу үйлестірушісі – А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық білімді зерттеу және бағалау орталығы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?