Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҮкіметтің баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулығы жайлы айтып, оның жағдайы министрліктің бақылауында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жағдайы тұрақты. Қосымша оңалту қызметтерін алу қажеттілігіне байланысты кеше Ербаянды ұлттық медициналық орталыққа жатқыздық.
Қасында әкесі бар. Қазіргі уақытта тиісті медициналық көмекті алып жатыр, — деді министр.
Сондай-ақ журналистер тарапынан «Қазақстан медицинасы Ербаянды аяқтан тұрғызуға қауқарлы ма?» деген сұрақ қойылды.
Қазіргі таңда диагнозы өте ауыр, жарақатпен қатар инфекция да болғанын ескерген жөн. Бұған дейін Түркияда ем қабылдап келді. Біз өз тарапымыздан қосымша тексерулер жүргізіп, емін жалғастырып жатырмыз. Қажет болған жағдайда, шетелде емделу мәселесін де ата-анасымен талқыладық. Дегенмен ата-анасы Қазақстанда ем қабылдауға келісімін берді. Алдын ала болжам жасамай-ақ, толыққанды медициналық көмек көрсетілуде, — деді Ақмарал Әлназарова.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?