Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыИордания астанасы Амманда күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейін салмақта белдескен Исхар Құрбаев қарсылас шыдатқан жоқ. Ол алдымен Түркиядан келген Эмре Мутлунды үйіне қайтарса, одан кейін түрікмен Абдували Рахимбаевты жеңді. Сосын жартылай финалда қырғыз мықтысы Нуристон Суйоркуловтың осал тұсын тапты. Шешуші кезеңде әзірбайжандық Фарид Садихлиге мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп – 5:1.
Осының алдында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Сөйтіп араға 7 жыл салып, отандастарымыз алтын алды. Бұған дейін 2016 жылы Франция жерінде Темірлан Шадукаев топ жарған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді