20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің Палестина мен Сириядағы жағдайға арналған төтенше сессиясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға қатысушылар қазіргі геосаяси жағдайды, ислам әлемі бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен қауіптерді талқылады, сондай-ақ Газа секторын тез арада қалпына келтіру және Сириядағы жағдайды тұрақтандыру қажеттігін атап өтті.
ҚР СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстан Сирия дағдарысына басынан-ақ жіті назар аударып, Астана процесі аясында келіссөздер алаңын қамтамасыз еткеніне назар аударды. «Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді Сирия халқының мүдделерін ескере отырып, Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін белсенді қадамдар жасауға шақырамыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.
Палестина мәселесіне қатысты ең өзекті мәселенің ХАМАС пен Израиль арасында тұрақты атысты тоқтатуды қамтамасыз ету екені баса айтылды. Қазақстан екінші кезең бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер бейбітшілікке, қауіпсіздікке, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының негізінде Палестина мемлекетін құруға жол ашады деп үміттенеді.
Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина және Сирия халықтарымен ынтымақтастығын, сондай-ақ өңірдегі жағдайды тез арада реттеу үшін белсенді әрекетке ұмтылуын көрсетті.
ИЫҰ СІМК отырысының нәтижесінде тиісті қарарлар қабылданып, Сирияның Ұйымға мүшелігі қалпына келтірілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?