Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауға дайын. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Иран бизнес форумында Сауда және интаграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жиын Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алиреза Пейман-Пактың Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды. Вице-министрдің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналым жылдан жылға артып келеді.
2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 19,8%-ға артты. Осылайша, 528 млн долларды құрады. Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту - Қазақстанның сауда саясатының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға 250 млн доллар сомасына 75-тен астам тауар түрін қосымша жеткізуге дайын, - деді Сауда және интаграция вице-министрі Қайрат Төребаев.
Жиынға ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі өнімдерін, машина жасау тауарларын, туристік қызмет ұсынатын ірі және орта компаниялардың 100-ден астам өкілдері қатысуда. Олар Иранның іскер топтарына Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, ынтымақтастықтың артықшылықтары және Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету келешегін талқыға салды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді