Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыХоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионы аясында Ригада Словакияны буллиттен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шайба шеберлері алғашқы кезеңде ойынды бірден тартысты бастады. Словакия құрамасынан Патрик Кох 14-минутта есеп ашып, командасын алға шығарды. Таблодағы есеп бұдан кейін көпке дейін өзгерген жоқ. Екінші кезеңде Қазақстан хоккейшілері үш шайбаны торға тоғытып, есеп бойынша алға шыққан еді. Роман Старченко (21-минутта), Валерий Орехов (24-минутта), Евгений Рымарев (25-минутта) мергендік танытып, жанкүйерлерді қуанта алды.
Үшінші кезеңде словакиялық Рихард Паник 48, Павол Регенда 56-минутта шайба соғып, таразы басын тең есепке жеткізді. Осылайша кездесу 3:3 есебімен аяқталып, тартыс овертаймда жалғасты. Алайда қосымша уақытта қос командаға да жеңіс бұйырған жоқ.
Алайда буллитте Қазақстан мүлт кеткен жоқ. Сөйтіп, қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп кетті.
Ұлттық құраманы жаттықтыратын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері осы чемпионат дивизиоында буллиттен екінші рет жеңіске жетті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді