10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыВенгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап.
A тобында ойнайтын Сергей Старыцин шәкірттері бүгін Жапония хоккейшілерімен кездескен. Есепті жетінші минутта жапон командасы ашқанымен, қазақстандықтар үш периодта бір-бір шайбадан соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Венгрия, Дания және Франция командаларын жеңіп, өз тобында көш бастаған еді. Топтан жеңімпаз болып шыққан құрама элиталық дивизионға жолдама алады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді