Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан халықаралық гендерлік теңдік индексі рейтингінде үш саты жоғарылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумында айтып өтті.
Қазақтан халықаралық гендерлік теңдік индексі бойынша 146 елдің арасында 62-орында тұр. 2022 жылы еліміз 65-орында болатын, - деп түсіндірді федерация төрағасы.
Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин әйелдер мен ерлер еңбекақысындағы айырмашылықты жою қажеттігін алға тартты.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, 2023 жылы ер азаматтар әйелдерге қарағанда 22%-ға көбірек табыс тапқан. Бұл тұрғыда ерлердің жалақысын төмендетпей, әйелдердің еңбекақысын арттыру арқылы теңдікті сақтау маңыздылығын алға тартамыз, - деп нақтылады Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар