Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Алдағы үш жыл бойы еліміз аталған ұйымды басқаратын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.
Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Халықаралық Аралды құтқару қоры Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешу аясында бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.
Оқи отырыңыз:
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруды жоспарлаудамыз. Биыл біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды көздеп отырмыз. Арал теңізін құтқару - бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары