20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер қосылды. Қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.
Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмұрат Мүтәліп қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөледі.
SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға 100 млн теңге, Karazhal Operating компаниясының негізін қалаушы Жұмабек Жаныкулов 50 млн теңге көмек көрсетеді. Бахыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин, Акбаржон Исмаилов және Имамзада Шагиртаев әрқайсысы 10 млн теңгеден, Геннадий Зенченко, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов 5 млн теңгеден бөледі.
Сонымен қатар Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев әрқайсысы 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын және қажетті көмек көрсетіліп жатқанын атап өткен.
«Әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен, үлкен адамдық трагедия. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне аман-есен оралуларын тілеймін», – деді Ерлан Қошанов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?